18.08.2020, 18:35
Оқылды: 44

«Аяна» бүлдіршіндерді шақырады

«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ауылдық желердегі үкіметтік емес ұйымдарға берілетін шағын грантына ие болған переметныйлық Айсұлу Сәпиева «Аяна» балаларды дамыту орталығын ашты.

51A45407-BA3E-4F05-8214-84797FC23637

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары, еріктілер, студенттер мен ата-аналар қатысты.

9EA965D8-1BBC-45DF-9C97-6E4D05042D34

-Туған жерімді гүлдендірсем, ауылыма пайдамды тигізсем деген ұстанымдағы жастарды қашан да қолдаймыз. Жас кәсіпкер Айсұлу Сәпиеваның бастамасы ауылдағы көп отбасыға пайдасын тигізеді деген сенім мол. Бұған дейін аудан орталығындағы көп ата-ана балаларын қыдыруға Орал қаласына алып баратын. Енді өзімізде де шағын ойын орталығы ашылды. Жаңа бастамаға сәттілік тілеймін,- деді ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Ғұмарұлы.

E867CC61-0F0C-426E-AB0E-CF69B82CD178

«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанованың айтуынша, жобаның бастамашысы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы екен. Жоғарыда аталған қоғамдық бірлестік сол орталықтан жобаны жеңіп алған. Ал қаржыландыру ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен түскен.

-Ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған жобамыз бойынша, конкурстық негізде белсенді азаматтарға 500 мың теңге көлемінде грант ойнаттық. Оған отызға жуық үміткер қатысты. Үздік шыққандарға тегін грант тағайындалды. Үздік ондықтың ішінде Айсұлу Сапиева да болды. Енді, міне, ол жеңіп алған қаржысына балаларға арналған дамыту орталығын ашып жатыр. Бұл ауыл балаларының мектепке дейінгі дамуына үлкен көмек болады деп есептеймін. Жаңа бастамаға тек қана сәттілік тілеймін,- дейді «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мақсотқызы.

Бұрын-соңды ауданда болмаған орталық ішінде балаларға арналған түрлі ойыншықтар мен олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған құралдар қойылған. Сондай-ақ балалардың көңілін көтеруге бағытталған нысан жанындағы асханада бүлдіршіндер сүйіп жейтін тәттілер мен тісбасарлар алуға болады.

-Біздің орталық балаларды тек ойнатып қана қоймайды. Бұл жерге келген бүлдіршіндерге қызмет көрсететін екі волонтерымыз бар. Олар сурет салуды және жазуды үйретеді. Болашақта кең орынға қоныс аударуды көздеп отырмыз,-дейді орталық иесі А.Сәпиева.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале