11.11.2022, 10:00
Оқылды: 73

Аяжан жеңімпаз атанды

Жуырда Тасқала ауданына қарасты Ақтау ауылдық округінде салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, оларды жаңғырту, ғасырлар бойғы ғұрпымызды көпшілікке насихаттау және жас келіндерімізді көпшілік назарына жаңа қырынан таныту мақсатында "Келіні жақсының - керегесі алтын" атты жас келіндер байқауы өтті.

7

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен "Намыс" жастар қауымдастығы бірлестігі ұйымдастырған шараның қатысушылары өздерін таныстыру, ұлттық тағамдар дайындау, салт-дәстүр, ырым-тыйым көріністерін сахналау, сұрақ-жауап және өнер көрсету сынды кезеңдер бойынша бақ сынады.

6

Нәтижесінде сындардан сүрінбей өткен Достық ауылынан Аяжан Искакова "Үздік келін" атанды. Екінші орынды ояндық Жанерке Таутенова иеленсе, үшінші орынды ақтаулық Гаухар Нұрланқызы иемденді. Барлық қатысушылар бағалы сыйлық және алғысхаттармен марапатталды.

Аман Байғали,

 Тасқала аудандық жастармен жұмыс

орталығының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале