Бөрлі ауданы Успен ауылының бір топ азаматтары бірігіп, Елек өзенінен шығатын каналды қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға Успен ауылынан "Болат" ШҚ (Е.Карагойшин), Жаңаталап ауылынан "Адал" ШҚ (С.Абубакиров) арнайы техникаларымен көмек көрсетті.
Бұл канал арқылы көктемде ауыл шабындыктарына және Одаман көліне су шығатын еді. Алайда көптеген жылдар бойы канал арқылы су келмеген.
Бүгінде игі жұмыстар жалғасын тауып, Елек өзенінен 100 метрге жуық канал іші экскаватормен қазылды. Қосымша тағы да "Беріш" ШҚ (Мурзашев Серікбай) арнайы техника алып келіп, қолұшын созды.
"Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" ақпарат