1.03.2023, 23:43
Оқылды: 63

Азаматтық қорғаныс кезіндегі дабылдар туралы

Бүгін Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 1 наурыз - «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс» күніне орай, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шаралары туралы, халықты төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету оқу-жаттығулар ұйымдастырылды.
image-01-03-23-09-51-3
image-01-03-23-09-51-1
Сонымен қатар, «Сырым колледжі» МКҚК - ның оқу корпусында кешенді Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені және Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептерінде «Дабыл» сигналы бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылып, оқушыларға «Дабыл» сигналын естіген жағдайда қандай іс-қимылдар атқарылуы қажет екендігі түсіндірілді.
image-01-03-23-09-51-4
image-01-03-23-09-51-2
  Негізгі құлақтандыру түрлері: ауызша хабарлама, радио арқылы, теледидар арқылы және жылжымалы құлақтандыру көлігі болып табылады. Ауызша хабарлама берер алдында халықтың назарын аудару үшін дабыл қосылады, оның дауысы келесі дабылдарды білдіреді:
Баршаның назарына!
  Дабылды естіген бойда міндетті түрде:
  -дереу теледидарды, радиоқабылдағыштарды, радио арқылы хабарлар тарату репродукторын қосыңыздар;
  -болған жағдай және әрекет бойынша шұғыл хабарламаны мұқият тыңдаңыздар;
  -осы барлық жабдықтарды аварияларды, апатты жағдайларда және дүлей апатты жоюдың барлық кезеңінде әрдайым қосулы күйінде ұстаңыздар.
  Егер дабыл жұмыс кезінде берілген болса:
  -теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосып, жедел хабарламаны  тыңдау қажет;
  -шұғыл хабарлама бойынша әрекеттену керек.
Егер дабыл үйде болған кезде болса:
  -барлық қолда бар радиоқабылдағышты, теледидарды қосып шұғыл хабарламаны мұқият тыңдау қажет;
-шұғыл хабарлама бойынша әрекеттеніп, көршілерге хабар беру керек.
  Егер дабыл көшеде болған кезде берілген болса:
-көшеде орналасқан радио немесе жылжымалы құлақтандыру көлігі арқылы берілген жедел хабарды мұқият тыңдау қажет, болмаса радио, теледидары бар адамдардың шығуын күту керек;
-шұғыл хабарлама бойынша әрекеттену керек.
Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале