27.09.2025, 22:11
Оқылды: 130

«Азаттықты аңсаған Ғұмар Қараш» атты облыстық ақындар айтысы мәреге жетті

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Ғ.Қараштың 150 жылдығына орай облыстық ақындар айтысы мәреге жетті.

image-27-09-25-08-52-8

Айтыс тізгінін ұстаған Дәулеткерей Атауұлы сөз кезегін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Бауыржан Халиоллаға берді. Ол өз кезегінде ақындар айтысында жеңімпаз бен жүлдегерлер болмайтынын айтып, әр ақынға қаржылай сыйлық табысталатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол сөз сайысында өнер көрсеткен әр ақынға тоқталып, оларды таныстырып, дода соңына дейін отырған аудан жұртшылығына алғысын білдірді. Айтысты ұйымдастырып, басы-қасында жүрген аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметовке Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына орай жасалған мерекелік медальді кеудесіне тақты.

image-27-09-25-08-52-10
Аудан басшысы Тимур Серікұлы додаға қатысқан он ақынның әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық пен мерекелік төсбелгіні табыстады.

image-27-09-25-08-52-5

image-27-09-25-08-52-7

image-27-09-25-08-52-9

image-27-09-25-08-52-4

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале