14.07.2022, 23:22
Оқылды: 45

«Azattyq ruhy» - Жәнібекте

Киік мәселесі бүгінде өршіп тұр. Ақбөкеннің алдағы тағдыры бойынша ой-пікірлер екіге бөлінді. Бірі «киік киелі жануар, оны жоюға болмайды» десе, екіншісі керісінше санын азайту керек деген пікірін айтады. Бұдан бұрын да «Шұғыланың» тілшілері киіктің санын азайту бойынша түрлі мақалалар жазып, ақпараттарымен бөлісіп отырған еді. Міне, бүгін ақбөкендер шаруалардың еккен егістігіне кіріп, таптап жатыр дегенді естіген республикалық «Azattyq ruhy» медиахолдингінің тілшісі Әміре Құсайынұлы арнайы келіп, болып жатқан барлық мән-жайды өз көзімен көріп, шаруалармен тілдесті.

IMG-20220714-WA0173

Алматы қаласынан келген тілшімен бірге «Охотзоопром» РМҚК директорының орынбасары Болат Кенжеахметов пен Қазақстан фермерлер одағының БҚО бойынша филиалының төрағасы Серік Жарылғапов келді. Олар Талов, Жақсыбай, Борсы ауылдардағы жағдайды көргеннен кейін Қамысты ауылындағы «Биби» шаруа қожалығы мен «EcoClub» ЖШС-і еккен егістіктің басына келіп, егінді таптап жатқан киіктердің үстінен дәл түсті.

IMG-20220714-WA0171

Айта кетейік, аудан бойынша мал азығын аталмыш екі шаруа ғана еккен болатын. «Биби» қожалығы судан мен арпа ексе, «EcoClub» судан отырғызып, өнімін алуда. Алайда, киік егілген 200 гектар жердің 40 гектарын таптап кетті. Ол шығынды ешкім өтемейді.

Сонымен қатар тақырыпқа сай бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды.

– Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс. Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале