7.05.2021, 11:05
Оқылды: 45

Ажалдан досы құтқарған

Майданда етігімен су кешіп, қар жастана, мұз төсене жүріп соғысқан жандардың арасында казталовтық Жұмабай Әлмұқанов та болатын.

1359C4BE-6974-4155-99E6-65EB863F2885

Ол 1914 жылы сол кездегі Фурманов ауданының Қарасу ауылдық кеңесіне қарасты Қашқар елді мекенінде дүниеге келген. Мектепті бітірген соң 1935 жылы Орал ветеринарлық техникумына
оқуға түсіп, мал дәрігері мамандығын алып шығады. 1942 жылы 26 қарашада Қарасу ауылдық кеңесінен майданға шақыртылған. 267-атқыштар полкінде мерген, одан соң 27214 әскери бөлімшесінде взвод командирінің орынбасары болады. 1944 жылдың соңында кескілескен бір ұрыста Жұмабай Әлмұқановтың батальонын фашист басқыншылары бомбалап кетеді. Сол шайқаста кейіпкеріміз жараланып, топырақ астында көміліп қалған екен.

– Әкем соғыс туралы айта бермейтін. Мүмкін ол кезде бала болған шығармыз. Тек соғыста қа-
лай жараланғаны туралы айтқаны есімде қалыпты. Майдан шебінде ұрыс жүріп жатқан кезде не-
міс басқыншылары әуеден бомба тастап, сол маңды жермен-жексен етеді. Сол шайқаста қарулас-
тарының дені қаза табады. Кешкісін шайқас аяқталған соң, жауынгерлер шейіт болған жора-
жолдастарының денесін жинауға кіріседі. Взвод командирі, ақтөбелік Шынғали Қолғанатов мүр-
делердің арасынан әкемді іздейді. Таппайды. Содан ол батальон командирінен майдан шебін тағы бір қарап келуге рұқсат алып, екі солдатпен іздеуге шығады. Денесінің жартысы топыраққа көмілген әкем шұңқырда шала-жансар жатыр екен. Негізі, адамның тілі ұзын болады ғой. Жараланған тілі иегінен төмен салбырап кетіпті. Оны тауып алғанына, жүрек соғысы бар екеніне қуанып, арқалап окопқа алып келеді. Содан әкем үш ай госпитальда жатып емделген. Сауыққан соң майдан шебіне кері аттанады. Жеңіс хабарын Берлин маңындағы қалада естиді. «Германияны жеңгені үшін» медалі де бар. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды ғана өледі» деген сөз бар ғой. Осылайша қарулас серігі Шынғали Қолғанатовтың арқасында әкем бір ажалдан аман қалыпты. Шынғали аға Ақтөбе қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген екен. Соғыс аяқталған соң екеуі біздің ауылға, Қашқарға келеді. Кейін ол кісі әкемнің ағасының қызына үйленіп, жеті-сегіз жыл сол ауылда тұрды. 1958 жылы әкем қайтыс болған соң, Шынғали аға отбасымен Ақтөбе қаласына қоныс аударған болатын, – дейді майдангердің ұлы Асқар Әлмұқанов.

Жұмабай Әлмұқанов Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орде-
німен, «Берлинді алғаны үшін», «Польшаны азат еткені үшін» секілді медальдармен марапаттал-
ған. Соғыс аяқталғаннан кейін елге оралып, сол кездегі Фурманов ауданының Жамбыл колхо-
зында партком хатшысы қызметін атқарады. Кейін сол ауданның Жанкелді ауылында, 1948-1951
жылдары Жасқайрат колхозында басқарма төрағасы болған. 1953 жылы «Правда» колхозында өкіл болып жүріп, туған жеріне сұранып, Қарасуда өкілдік қызметін жалғастырады. 1958 жылы Қараөзен тасып, колхоздың жүздеген қойы суға кеткен. Сол кезде ауыл азаматтары суға кеткен қойларды құтқарамыз деп жанталасады. Солардың арасында Жұмабай аға да болатын. Өкінішке орай, соғыста балтырынан алған жарақаты салдарынан аяғы жансызданып, нәтижесінде суға кетіп, қайтыс болады. Майдан даласында аяғына тиген снарядтың сынығын алып тастағанда өміріне қауіп төнетіндіктен, дәрігерлер жарықшақты алмаған. Тек күтініп жүру қажеттігін ескерткен. Отан үшін отқа түсіп, талай сұрапылды кешкен жауынгердің ғұмыры осылайша колхоз малын қорғау жолында үзілген еді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында батырлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетіп, бейбіт күн-
де елдің экономикасын дамытуға үлес қосқан және еңбектің «қазанында» қайнаған Жұмабай Әлмұқановтың өмірі – көпке үлгі. Жұбайы Қалима апа екеуінің ұлы Асқар аға бүгінде сексеннің сеңгіріне шықса, одан кейінгі Жақсылық аға жетпістің төртеуіне келіп отыр. Асқар аға Әмина есімді, Жақсылық аға Маржан есімді арулармен бас қосып, қазір өз перзенттеріне қоса, немере-жиендерінің, шөберелерінің ортасында бақытты  ғұмыр  кешуде.

– Әкеміз Жұмабай – Ұлы Отан соғысында от кешіп, бейбіт күнде ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан жан. Ол жеке бастың емес, ауылдың, ортақ Отанның мәселесін ең бірінші орынға қоятын. Колхоздың малын құтқарамын деп жүріп жан тапсырды. Оның еңбегін қарасулықтар жақсы біледі деп ойлаймын. Сондықтан әкеміздің есімі Қарасу ауылындағы бір көшеге берілсе екен, – дейді майдангердің ұрпақтары атынан Асқар ағай.

 Гүлім Ақап,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале