10.03.2024, 16:14
Оқылды: 34

Әжелер даналығы дараланған шара

Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде "Даналық мектебінің" жоспары аясында "Ырым-тыйымдар –  әдептілік негізі" тақырыбында "Айзере" халықтық әжелер ансамблінің қатысуымен тағылым сағаты ұйымдастырылды.

image-07-03-24-12-18-1

Қазақтың қолөнер түрлерінен шеберлік сәттерімен бөліскен әжелеріміз ғибратты ойларын ортаға салды.

image-07-03-24-12-18-3

Қайынсіңлісін қасына ерткен жеңгелер әжелеріміздің шеберлік сәттерінен үйренгенін қайталап, қазақтың ырым-тыйым сөздерінің мәнін түсіндіріп берді. Ата-бабаларымыздың асыл өнерін кейінгі буын үлгі еткен тәлімді шара әжелеріміздің ақ батасымен қорытындыланды.

Рая Жумагалиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале