21.07.2022, 17:00
Оқылды: 72

 Әжелер - өнегенің бастауы

 Көненің көзі, ақылдың кені қарттарымызды қадірлеп, олардың айтқан ақыл-кеңесіне, берген тәлім-тәрбиесіне ден қойған ұрпақ ешқашан қор болмасы анық.

290546576_1118013395415973_773717750375010239_n

Біздің шағын ауылымызда да өмір жолдары көпке өнеге, отбасының діңгегі болып отырған ақ жаулықты әжелеріміз, аяулы аналарымыз жетерлік. Олардың ауыл өміріндегі белсенділіктері, тың бастамалары әрдайым қуантып келеді. Жуырда осы аналардың басын қосқан Ащысай модельді ауылдық кітапханасында «Әжелер сөзі - ақылдың көзі» атты кездесу кеші өткізілді.

291978909_1118013212082658_7686138777269601911_n

Кешімізге көп жылдар бойы ұстаздық еткен, зейнеткер, ақ жаулықты әжелеріміз қонақ болып келді. Шараның мақсаты - қыздарымызға нағыз қазақ қызының бойында болуы керек қасиетті ұғындыру, ақ жаулықты аналарымыздың айтқан өсиет – өнегесін көңілге тоқу, қолөнер түрлеріне ден қою болатын. Әже-аналарымыз халқымыздың ұмыт бола жаздаған салт-дәстүрлерін жаңғыртқан терең мағыналы әңгімелер айта отырып, тоқу тоқудың, кесте тігудің, жалпы ісмерліктің қыр-сырларын ортаға салды. Әсіресе, кештің шырайын ашқан Алуаш Мусированың, Жұмағыз Байсалованың, Усила Құдайбергенованың естелік-әңгімелері мен қолөнерді дәріптеген шеберлік сағаты болды.

Әдемі әңгіме өрбітіп, пікір алмасылған басқосу ерекше әсер қалдырды. Шара соңы қыздардың әжелерге арнап салған әуезді әндерімен, арнайы жайылған ақ дастархан сыйымен аяқталды.

                                                                                  Гүлжазира Кабибуллиева,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале