Зеленов ауданы Трекин ауылында «Ару аналар – ел қорғаны даналар» атты әжелер ансабльдерінің байқауы өтті. Өскелең ұрпаққа халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын кеңінен таныстырып, аға ұрпақ пен бүгінгі ұрпақ арасын жалғауды көздеген әжелер сайысында ауданның бірнеше ауылынан келген ансамбльдер бақ сынады.
Таныстыру және салт-дәстүрден көрініс қою сияқты кезеңдерден тұрған байқау барысында әжелер тұсау кесу, бесікке салу сияқты дәстүрімізді көрсетіп, тамаша ән мен биден де шашу шашты.
Жиналған көрерменді салт-дәстүрімізге қанықтырып, ескі қара өлеңдер шырқалған белсенді әжелер сайысының қорытындысында үшінші орынды Достық округінен келген «Замандастар», екінші орынды Трекин ауылының намысын қорғаған «Көңіл ашар» ансамбольдері иеленесе, бірінші орынды дарияндық «Ақ шағала» әжелер ансамблі қанжығасына басты.
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz