23.06.2017, 9:51
Оқылды: 55

Әжелеріміз облыста өнер көрсетеді

akjaik ajeТеректі аудандық Мәдениет үйінде облыстық әжелер ансамбльдері байқауының іріктеу кезеңі өтті. Оған Ақжайық ауданы, Бударин ауылдық «Жайдарман» мен Теректі аудандық әжелер ансамблі қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.


Байқау шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов құттықтау сөзбен ашып, ақ жаулықты әжелерімізге құрмет білдірді. Құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің  мәдениет және спорт тұрақты комиссиясының төрайымы Гүлсім Қадешова, облыстық ардагерлер ұйымының  төрағасы Ғибатолла Тілебалиев, Ақжайық аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Альмира Оразқызы, Теректі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев және ауданымызға танымал өнерпаз, Ақжайық ауылдық Мәдениет үйі директоры Салауат Нарышев бар қазылар алқасы әділдіктің үлгісін көрсетті.

Әжелеріміз алдымен таныстыру бөлімінде белсеніп, одан соң алдын-ала берілген үй тапсырмасы ретінде «Тоқымқағар» дәстүрін көрініс етіп көрерменге ұсынды. Байқау қорытындысында, Теректі аудандық әжелер ансамблі жеңімпаз деп танылып, облыстық кезеңде өнер көрсетуге жолдама алды.

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале