24.11.2021, 15:30
Оқылды: 73

Әжесінен көшкен өнер

Диананың сурет салу мен тігіншілікке әуестігі Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте оқып жүрген кезінде-ақ байқалған. Айта кетелік, өмірден өткен нағашы әжесі Әмина Ғайнушқызы – қолынан инесі түспеген ісмер әрі суретші болыпты. Домбыра да тартқан көрінеді. Соның бәрі Дианаға  жұғысты болғаны үшін ата-анасы – Аманкелді мен Айсұлу Жаратқанға тәубе деседі. Қазіргі күні Диана Дауылова Астанадағы қазақ технология және бизнес университетінің 4-курсында оқиды.

ҚЫЛҚАЛАМҒА «ҒАШЫҚ» АРУ (2)

– Университетті тәмамдаған соң, сән салонында қызмет істемек ойым бар. Бүгінде сулы, майлы бояумен салған суреттерімнің біразы өзіміздің оқу орнының қабырғасында ілулі тұр. Осы бағытта ұстаздарым – Қарлығаш Ерғалиқызы мен Гүлғайша Талапқызының тәлім-тәрбиесіне, тылсым өнерге баулудағы қамқорлықтарына шексіз ризамын, – дейді суретші ару әңгіме арасында.

ҚЫЛҚАЛАМҒА «ҒАШЫҚ» АРУ (9)

Айта кетелік, былтыр республика бойынша өткізілген «СКЕТЧ» онлайн марафон байқауында «Киім үлгісі» сайысы бойынша Диана Даулова бес 500-дей дизайнер арасынан бірінші орынды иеленді. Сонымен  бірге жымпитылық жас суретшінің туындыларын сатып алушылардың көптігі де көңілге үлкен қуа­ныш  ұялатады.

ҚЫЛҚАЛАМҒА «ҒАШЫҚ» АРУ (7)

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале