16.08.2022, 18:01
Оқылды: 26

Әжібайда шағын футбол алаңы ашылды

Бүгін Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Казталов ауданы, Бірлік ауылдық округінің Әжібай ауылында кәсіпкер, жаны жомарт меценат «Жаңа Орда құрылыс» ЖШС-нің директоры Абзал Насиоллаұлының бастамасымен бой көтерген, құны 13 миллион теңге болатын «Шағын футбол» спорт алаңының ашылу салтанаты болып өтті.

IMG-20220816-WA0060

Ашылу салтанатына Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Әлібеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Абешова, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Әлібеков Әжібай ауылы  тұрғындарын жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтап, елжанды азамат А.Насиоллаұлына ауыл тұрғындары атынан зор алғысын білдірді және аудан әкімі Р.Зулкашевтің алғысхатын табыстады. Ауыл азаматы Б.Еслямғалиев заман талабына сай спорт алаңын салып берген А.Насиоллаұлына жиналған көпшілік алдында елден алғыс болсын деп ат мінгізді.

IMG-20220816-WA0058

Ауылдың ақ жаулықты әжелері шашу шашып, көпшілік қошеметімен спорт алаңының лентасы қиылды.

299786665_1211939176236687_3585302518883214575_n

Ауыл жастарының сұранысына сай жасақталған заманауи үлгідегі футбол спорт алаңы аумағы 495 м2 –ді құрайды. Сонымен қатар, 100 м2 –ге брусчатка төселіп, 4 орындық орнатылып, тәуліктің қараңғы мезгілінде де ыңғайлы болу үшін төрт бұрышынан заманауи электр шамдары жүргізілген.

IMG-20220816-WA0059

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін бар жағдайды жасау қажеттігін нақтылап айтқан болатын. Ел алғысын арқалаған азамат А.Насиоллаұлының өз қаражатымен салынған спорт алаңы ауыл балаларының спорттық әлеуетін арттырып, денсаулықтарын нығайтуы үшін және жеңімпаз жастарды тәрбиелеу үшін үлкен бастама болмақ.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале