Шыңғырлау ауданында ақпан айынан бастап аудан әкімі және аудандық мәдениет бөлімі мен аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен “Әзіл базары” жобасы жүзеге асырылып келді. Бұл жобаның басты мақсаты - қазіргі жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, өнерге, көшбасшылыққа баулу және тілді дамытып, ой - қабілеттерін жетілдіру.
Бастау алған “Әзіл базары” жобасының финалдық ойыны аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Сайысқа «Кемпірқосақ» (Алмаз ауылы), «Интелегентс ПРО» (Ақбұлақ ауылы), «Атмосфера» (Ащысай ауылы), «Амангелді тентектері» (Амангелді ауылы), «Қылыш» (Шыңғырлау ауылы) командалары қатысып, бақтарын сынады.
Ойында әзілдерді барынша шынайылықпен жеткізу, тақырыпты сәлемдесуде аша білу, сахна мәдениеті, музыка үндестігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, еркін ойнауы, микрофонмен жұмыс жасауы сыналды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен І орын және «Аудан әкімі» кубогын «Қылыш» құрамасы, ІІ орынды «Интелегентс ПРО», ІІІ орынды «Кемпірқосақ», «Көрермен көзайымы» номинациясын «Амангелді тентектері» және «Атмосфера» құрамалары иеленді. Ойын барысында актерлық шеберлігімен көзге түскен Бақыт Аңсар «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.
Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы,
zhaikpress.kz