5.06.2017, 11:41
Оқылды: 24

Азия чемпионатына аттанды

Есімдері облысқа танымал қаратөбелік Фархат Қалиев пен Сүйесін Құмаров Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында маусым айының 5-11 күндері өтетін қол күресінен (армрестлинг) Азия чемпионатына қатысуға жолға шықты.


Айта кету керек, бұған дейін аудан, облыс намысын қорғап, биік белестерді бағындырып жүрген жас спортшылар Фархат Қалиев 1996-1998 жылы туған жастар арасында +90 келі салмақ дәрежесінде, Сүйесін Құмаров 1999 жылы туған және одан төмен жасөспірімдер арасында +80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын болады.

Бүгінгі таңда ҚР құрама командасы сапына енген қос спортшыға БҚО «Қол күресі» үйірмесінің аға жаттықтырушысы Мұрат Ибатов жетекшілік етеді.

Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Қол күресі» үйірмесінде 3 жылдан астам уақыт бойы жаттығып келе жатқан қос өреннің болашағына үлкен үмітпен қарайтын жаттықтырушысы Нұрхат Нысановтың еңбегі зор.

 Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале