27.06.2023, 16:30
Оқылды: 14

Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бәйтерек жасөспірім балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы Армат Қабдолов 21-24 маусым күндері Астана қаласында өткен «ASIAN GRAPPLING CHAMPIONSHIPS-2023» байрақты бәсекесінде күміс жүлдені қанжығасына байлады.

IMG-20230627-WA0000

Чемпионатқа грэпплинг және грэпплинг ги санатында UWW ережесі бойынша жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер қатысты.

Додада Қазақстанмен қатар Ауғанстан, Иран, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Палестина, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сингапур, Тәжікстан, Өзбекстанның 168 мықтысы түрлі салмақ дәрежелерінде бақ сынады.

IMG_20230627_162444

Ересектер арасында сынға түскен жерлесіміз Армат Қабдолов Филипин, Индия елдерінен келген және өзіміздің отандасымызбен төрт айқас өткізген. Өзге елден келген қарсыластарын оңай ойсырата жеңгенмен, қазақ спортшысы Жасұлан Жетпісбаевтан айласын асыра алмаған.
- Чемпионат жоғары деңгейде өтті. Додада қарсыластарымды ауырту әдісі арқылы айқын басымдылықпен ұтқаныммен, Жасұлан Жетпісбаевтан 2:1 есебімен жеңілдім. Сайыста кімнің дайындығы мықты, қай спортшының бағы жанады сол жеңіске жетеді ғой. Менде дайындық аздау болды деп ойлаймын. Алдағы әлем чемпионатына жақсылап әзірленсем, жеңімпаз атануға толық мүмкіндік бар, - дейді Армат Расулұлы.
Айта кетейік, Армат Қабдолов 1998 жылы Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. Самбодан Азия және үш дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін Әлем біріншілігінің жүлдегері.

Қазақ күресі мен дзюдодан спорт шеберіне үміткер, және самбо мен грэпплингтен ҚР спорт шебері атағын алған.

Оның осы сәтке дейін түрлі жарыстарда топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінуіне ықпал еткен жаттықтырушылары: Мейірім Базаров, Әсет Ғабдолов, Қазбек Ибрашев, Нариман Бекқалиев.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале