Жуырда Жамбыл облысы, Тараз қаласында армрестлингтен жасжеткіншек пен жасөспірімдер, жастар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа әр өңірден жиналған спортшылар өз мықтылықтарын көрсетті. Аталған чемпионатта облыс намысын қорғаған ауданымыздың спортшысы Миржан Мұстафин 90 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болып, алдағы уақытта өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына жолдама алды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы