2023 жылдың 20-30 маусым күндері Қарағанды қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өткен болатын. Бұл байрақты додаға Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да қатынасқан болатын. 13 жасқа дейінгі ұлдар арасынан (блиц) шапшаң ойын түрінен Нұрәлі Арматұлы күміс жүлдегер атанса, рапид түрінен қола жүлдегер атанды.
4-12 тамыз күндері Моңғолия елінде өткізілетін Азия чемпионатына жолдама алды. Нұрәлі Арматұлы осы кезге дейін 2 мәрте ҚР жеңімпазы атанып, талай мәрте облысымыздың намысын абыройлы қорғап жүрген мақтанышымыз. Алдағы жарысқа сәттілік тілейміз.
А.Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz