17.03.2022, 9:40
Оқылды: 55

Азық-түлік қоры жеткілікті

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – атқарушы биліктің басым міндеттерінің бірі. Азық-түлік бағамын, жеткіліктілігін қадағалау бойынша құрылған мониторингтік топ Жәнібек ауданы орталығындағы ірі нысандарды аралап шықты. 

IMG-20220317-WA0006

Ауданға азық-түлік облыс орталығы немесе Ресейден келетіні белгілі. Сол себепті бағасы да әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта облыс орталығы мен аудан арасындағы жол мен рубльдің тұрақсыздығы бірқатар қиыншылықтар туғызуда. Дегенмен, оған қарамастан ауданның кәсіпкерлері тұрақты түрде азық-түлікті аудан жұртшылығына жеткізіп отыр. Бастысы ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі (күріш, ұн, қарақұмық, нан, рожки өнімі, сиыр еті,  құс еті, сүт, айран, сүзбе, жұмыртқа, сары май, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, секер, тұз) жеткілікті. Ал олардың бағасы жіті бақылауда екенін айта кету керек.

IMG-20220317-WA0005

Егер де бағаның негізсіз көтерілгенін байқасаңыздар, БҚО тұрғындары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізсіз қымбаттауы туралы арнайы байланыс орталығы арқылы 50-80-09, +7-705-391-34-47 телефондарына хабарласа аласыз немесе Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сілтемесі https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/activities/population?lang=kk арқылы арыз, шағым немесе өтініш бере аласыз.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале