Бəйтерек аудандық мəслихатының депутаты, «Хайруллин» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлыбек Хайруллин ірі қарасын сойып, төтенше жағдайда табыс көзі азайған, əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ет таратты.
- Ешкімнен ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жекелеген отбасыларды қолдау, демеу мақсатында шын ниетіммен осындай шешімге келдім.
Ұлық мереке Ораза айт қарсаңында Алланың разылығы үшін тараттым, - дейді Н.Хайруллин.
Ірі қара малының еті Зеленый жəне Егіндібұлақ ауылындағы көпбалалы 12 отбасыға таратылып берілді.
Ертай Бимұханов
Бəйтерек ауданы
zhaikpress.kz