Ақсай қаласында Бөрлі ауданы әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық турнир өтті.
Сегіз команданың арасындағы екі күнге созылған турнирдің ашылу салтанатына Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Насипов, Бөрлі ауданының спорт ардагері Ю.Нагуманов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Исанов, «Ақсай» спорт кешенінің директоры И.Қарабаев, жарыстың бас төрешісі Қ.Ғабдуллин қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша, ІІІ орынға Приурал ауылдық округ командасы жайғасса, ІІ орын Ақтөбе қаласынан келген «Энергия» командасына бұйырды. Ал жеңіс тұғырына ақсайлық «Етком» командасы көтерілді.
Аида Есенаманқызы
Бөрлі ауданы