Бөкей Ордасы аудандық Бабажанов атындағы орта мектептің талапты шәкірттері аудандық мәдениет үйінің әншілерімен, сондай-ақ ұстаздарымен жұптасып «Бабажанов жұлдызы» атты ән сайысына түсті.
Сайыс нәтижесінде «Цвети земля моя» әнін әуелете шырқаған Жансая Әміржан мен жетекшісі Гүлнар Ахметова топ жарып, бас жүлдені қанжығалады. Тыңдарманның зор ықыласына бөленген Иманғалиева Шынар мен Бірахметова Қапизаның жұбы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Аягүл Кереева мен Саида Әжіғалиева еншілесе, үздік үштікті Райгүл Құбайтова мен Мирас түйіндеді.
Айзада Тілепова
Бөкей Ордасы ауданы
zhaikpress.kz