«Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының» жанынан құрылған «BABY TIME» аудандық аула клубының ашылу салтанаты өтті.
Аула клубының жұмысы 1 тамызда басталып, 25 тамызға дейін жалғаспақ. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуді мақсат тұтқан аула клубы түрлі ойындар мен «кино time» өткізуді жоспарлап отыр.
-Ауданымыздың балдырғандарын әр кезеңде 30 баладан, 120 баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Аула клубының бір ерекшелігі, кезең басталған алғашқы күні 30 балаға тегін балмұздақ таратамыз. Клубымыз жұмысын бастаған алғаш күнінен-ақ, спорттық шаралар ұйымдастырсақ, ашылу салтанатынан кейін трендтегі «Көңілді жаз», «Нептун» мерекесі ойындарын ойнаттық. Алдағы уақытта «кино time», жорыққа шығу секілді шараларды ұйымдастырмақпыз, - дейді «балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлшат Нұрмұханова.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz