25.02.2026, 11:30
Оқылды: 39

Бағасы биік руханияттың шаңырағында

Жәнібек ауданына іссапармен барған облыс әкімі Нариман Төреғалиев, еңселі де заманауи аудандық орталық кітапхана жұмысымен танысты. Руханияттың шамшырағына айналған жаңа кітапхана білім мен парасаттың, ізденіс пен жаңашылдықтың ордасы. Бұл ауылдың рухани тынысын кеңейтіп, жас буынның білімге деген құштарлығын арттыра түсетін игі бастама. 548 миллион теңгеден астам қаражатқа салынған заманауи нысан. Жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрайтын қос қабатты ғимарат талапқа сай жабдықталып, оқырманға барынша қолайлы жағдай жасалған.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.39

Ғимараттың бірінші қабатында кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі, сондай-ақ аудандық модельді балалар кітапханасы орналасқан. Ал екінші қабатқа жалпы қоры 50 мың данаға жуық бай әдебиетті қамтитын аудандық кітапхана көшірілген.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.40

Өңір басшысы ғимарат ішін аралап, жаңа нысанның материалдық-техникалық базасымен танысты. Оқырмандармен тілдескен облыс әкімі Мемлекет басшысы руханият мәселелеріне айрықша мән беретінін атап өтіп, осы бағытта өңірде де ілкімді істер атқарылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, барлық аудандарда осындай заманауи рухани орталықтардың болғаны артық етпейтінін айтып, бұл бастама өңірдің мәдени әлеуетін арттыра түсетінін ерекше атап өтті.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.37

Сонымен қатар облыс әкімі жаңа кітапхана кітапсүйер қауымның сүйікті мекеніне айналып, жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттыратын, мәдениет пен парасаттың шынайы орталығы болуына тілектестік білдірді.

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.38 WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.40 (3) WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.38 (1) WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.37 (1) WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.42 WhatsApp Image 2026-02-25 at 11.48.38 (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале