Қарағанды қаласында спорттық бағдарлау спортынан Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынды. Дүбірлі додаға 200-ден аса спортшы қатысты. Теректілік жастар да облыс құрамасы қатарында болып, таңдай қақтыратын жетістіктерге қол жеткізді.
Нақтырақ айтсақ, орта қашықтықта Бекзат Жанғожиев 3-орынды, Алина Ғұбашева 2-орынды еншілесе, ұзақ қашықтықта ол жеңіс тұғырынан көрініп, 2-орынға Айару Аманғали мен Нұртілеу Ерболатов лайық болды.
Ал «Спринт» қашықтығында Бекзат пен Алина алтын жүлдені, Айару мен Шынар Амангелді күміс жүлдені қанжығыға байлады.
Ақтілек Әлібек,
Теректі ауданы