30.07.2023, 16:31
Оқылды: 42

«Baiterek best – 2023» денсаулық фестивалі

Аудан орталығы Переметный ауылындағы «Олимп» стадионында «Baiterek best – 2023» денсаулық фестивалі ұйымдастырылды.

IMG_20230730_122813_217

Шырайлы шара аясында ауыл тұрғындары, аудандық бөлім, мекеме қызметкерлері ашық аспан астында спорттық сайыстарға қатысып, қолөнер және сурет көрмесін тамашалап, йогамен айналысып, латынамерикандық бидің классикалық қимылдарын үйренді. Салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған кеште ауыл тұрғындарына медицина мамандары да тегін қызмет көрсетті. Аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен ақшалай және бағалы сыйлықтар тігілген лоторея ойыны да көпшіліктің көңілінен шықты.

IMG_20230730_123026_117

Фестивальді ашқан аудан әкімі Марат Тоқжанов бәйтеректіктерді айтулы кешті өздеріне, денсаулығына пайдалы атмосферада өткізулеріне тілектестік білдірді.

-Күннің ыссылығына қарамастан денсаулық фестиваліне қолдау көрсетіп, жиналғандарыңызға алғыс айтамын. Денсаулығымыз – өз қолымызда. Қалай күтінсек, солай ғұмыр кешеміз. Стадионға жиналған көпшілікке керемет көңіл-күй, пайдалы әрі танымдық кеш тілеймін! Әрі спорттық ойындарға белсене қатысуға шақырамын,- деді Марат Лұқпанұлы.

IMG_20230730_123132_860

Кеш қонақтары «Салауатты өмір салты академиясы» ҚБ басшысы Маргарита Булдакова, «Айкуне» денсаулық орталығының өкілі Маржан Сәлімова, латынамерикандық әлеуметтік би мектебінің ұйымдастырушысы Ибрахим Гурбойоглы көрсеткен жаттығу, йога, би қимылдары да тұрғындарға тың серпіліс сыйлады.

IMG_20230730_123211_775

IMG_20230730_123406_141

IMG_20230730_123106_937

IMG_20230730_122930_907Гүлнар Қадырова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале