15.03.2026, 15:12
Оқылды: 32

Байқаушылар дауыс беру барысын бақылауда

Жаңақала ауданы орталығындағы №127 референдум учаскесінде дауыс беру процесі ашық әрі заң талаптарына сай өтуде. Учаскеде «Жан-Демеуші» мүгедектер қоғамдық бірлестігінен және AMANAT партиясынан байқаушылар тіркеліп, дауыс беру барысын бақылауда.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 14.26.33

Сонымен қатар тұрғындар көршілерімен бірге келіп, өз таңдауларын жасауда. Бұл олардың референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тіркелген сайлаушылар өз учаскелеріне келіп, дауыс бере алады.

 

Сыйлыхан Талапұлы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале