Бүгін Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс ауылдық округында әкім сайлауы өтуде. Округ басшысы болуға ниетті бес адам тіркелген.
Сайлауға байланысты Байқоныс, Володар, Жайық, Новенкий ауылдарында 4 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Округте дауыс беруге құқылы 4660 адам бар.
Таңғы сағат 7.00-де жұмысын бастаған сайлау учаскелерінде бірінші болып, алғаш келген сайлаушыларға сыйлықтар берілді. Ауа райының қолайсыздығына орай тұрғындардың тасымалдауға 2 көлік ұйымдастырылған. Володар ауылында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Онда Орал қаласының және Дариян ауылының кәсіпкерлері жеміс-жидек, көкөніс, бал, ет, шұжық секілді азық-түлік өнімдерін нарықтан төмендеу бағамен ұсынуда.
- Ауа райына байланысты таңертең дауыс беруге келгендер аз болды. Түске таман белсенділік артып келеді. 18 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірді,-деді №195 сайлау учаскесінің төрайымы Нұржамал Мұханбетжанова.
Нұрсәуле Жәнібекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz