Республика күні мерекесі қарсаңында Ақсайда «Достық-Дружба» кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир өтті.
Ұйымдастырылғанына 25 жыл болған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь Республикаларынан және еліміздің Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау ,Маңғыстау, БҚО, Астана және Ақсай қаласынан барлығы 11 команда 160-тан астам спортшы қатысты.
Бұл турнирдің жасөспірімдер арасында олимпиадалық спорт түрін насихаттап, жас боксшыларға жаңа спорттық дағды қалыптастыру, тәжірибе алмасуда маңызы зор.
Жарыс 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында 14 салмақ дәрежесі бойынша өткен болатын. Турнир өтіп отырған жиырма бес жылдың ішінде деңгейі жылдан жылға артып келеді. Алты жылдан бері еліміздің күнтізбелік жоспарына енген турнир жаңа есімдерді анықтау үстінде. Жалпы рингтегі қай кездесу болсын тартысты өтті. Әсіресе ұлттық құрама сапындағы жергілікті боксшылардың жекпе-жегі көрерменнің қызығушылығын туғызды. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне өңірдегі кәсіпкерлер мен компаниялар ат салысты.
Жарыс қорытындысында облыс спортшылары Ерасыл Жексембай, Арсен Алимжанов, Диас Хайруллин, Нұрдәулет Ізбасаров, Артур Маратов Таймас Қадер, Ибрахим Кабиболла, Архат Марат, Хамза Галиуллин, Манарбек Базарбаев, Абылхайыр Магданов, Қасымжан Адилов, Мирас Самигулов, Нұрсұлтан Жұмарегей, Ерасыл Алмуханбетов, Әділ Әли, Сармат Оразаев, Расул Тлекқабыловтар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген боксшылар түрлі аталыммен марапатталды. Мәселен, маңғыстаулық спортшы Нұрислам Нұрлыбек «Жеңіске деген жігерлігі үшін», атыраулық Мақсат Рашид «Үздік тактикалық-техникалық дайындығы үшін», ақсайлық Диас Хайруллин «Үздік боксшы», қырғызстандық Мирлан Жәәнбаев «Үздік жаттықтырушы» және маңғыстаулық Асхат Кампалов «Үздік төреші» аталымдарымен марапатталды.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz