16.06.2025, 11:00
Оқылды: 269

Бәйтерек аудандық газеттің мерейтойына орай тағылымдық шара өтті

Бәйтерек ауданы, Шалғай ауылында «Ауыл тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара өтті. «Ауыл тынысы» – халық бейнесі» атты дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған бұл жиын ауылдық мәдениет үйінде өтіп, ауыл тұрғындары мен мекеме басшыларын, қоғамдық ұйым өкілдерін және баспасөз қызметкерлерін тоғыстырды.

IMG-20250616-WA0007

Шараға Шалғай ауылдық округінің қоғамдық кеңесінің төрағасы Валентина Мищенко, ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Дубинин, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің, «Балапан» балабақшасының, фельдшерлік-акушерлік пункт пен мәдениет үйі қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар аудандық басылымның өңір өміріндегі маңызы, өткені мен бүгіні туралы пікір алмасты. Газет редакторы Сәкен Әбілхалықов аудан өмірінің тыныс-тіршілігін көпшілікке жеткізетін үнпарақтың ел өміріндегі тарихи жолына тоқталып, оның бүгінгі қоғамдағы рөлі жайлы айтты.

IMG-20250616-WA0005

Мерейтой аясында газетке белсенді түрде жазылып, редакциямен байланыс ұстап жүрген мекемелер мен тұрғындар марапатталды. Атап айтқанда, «Балапан» балабақшасы, Ш.Уәлиханов мектебі, Шалғай ауылдық әкімдігі, мәдениет үйі, ФАП ұжымдары мен Римма Мигитка, Галина Скрябина, Татьяна Смирнова, Нелля Петрукқа алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Тілшісі Салтанат Зұлқарнаева редакция ұжымы, газеттегі арнайы беттер, жастармен байланыс бағытында қолға алынған іс-шаралар жайлы айтып өтті.

- Шалғай ауылдық округі тұрғындарының атынан азеттің мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Аудан жаңалықтарын осы басылым арқылы біліп отырамыз. Басылымның қос тілде шығатындығы біз сияқты көпұлтты ауыл үшін маңызды деп ойлаймын. Редакцияда аға буынның, орта буынның және жастардың тоғыса жұмыс істеуі бізді де қуантады. Негізі әркім өз буыны туралы көбірек жазады ғой. Сол себепті ауылдың ұйытқысы болып отырған біздің замандастарымыз, жергікті қауымдастық жөнінде де жиі жазсып тұрсаңыздар дейміз. Біздің жақ - астықты өңір. Бұрындары тілшілер егістік алқабына жиі келетін еді. Соңғы кезде көп көріне бермейді. Жалпы біздің округте игі іс көп. Жаңадан үйлер салынып, жастар келіп жатыр. Міне, осындай жақсылықты неге басылымда жиі жазбасқа? Сол себепті біз сіздерді күтеміз, - деген ауылдағы жергілікті қауымдастыртың төрайымы Валентина Мищенко шалғайлықтар атынан редакцияға шағын сыйлық табыстады.

IMG-20250616-WA0003

Іс-шарада ауыл тұрғындары газет редакциясының алдағы жоспарларымен танысып, жергілікті әншілердің өнерлерін тамашалады.

Салтанат Серікбайқызы,

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале