Бүгінгі заман кітапханашылардың үнемі шығармашылық ізденісте болып, тың идеялар әкелуін талап етіп отыр.
Осы мақсатта Бәйтерек аудандық кітапхана жанынан қыз-келіншектерге арналған «Сырғалым» сырласу клубы, шығармашыл жандарға арналған «Абайтану» әдеби-танымдық клубы және дарынды жастарға арналған «Күншуақ» клубы құрылды.
- Бұл клубтар адамның жан-жақты дамуына, рухани қарым-қатынас құруға, салауатты өмір салтын ұстанып, мәдениеттің жақсаруына ықпал етуді көздейді. Айта кету керек, бүгінгі таңда үздіксіз ізденісте болу, замануи озық тəжірибені меңгеру – кітапхана қызметкерлерінің өмірлік қағидасы болмақ, - дейді аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қалампыр Кенжеғалиева
Ертай Бимұханов,
Бәйтерек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер