20.09.2024, 21:00
Оқылды: 79

Бәйтерек аудандық халықтық штаб  өкілдері «Батыс Пауэр» компаниясының қызметкерлерімен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Бәйтерек  аудандық халықтық штаб өкілдері «Батыс Пауэр» компаниясының қызметкерлерімен жүздесті.

IMG-20240920-WA0026

Электр қуатын өндірумен айналысатын бұл мекемеде жетпіске жуық адам еңбек етеді. Жиынға сол кезде ауысымда жүрген 35 қызметкеркер қатысты.

IMG-20240920-WA0029

Белес ауылдық округінің әкімі Бақытгүл Жүнісова жиынды ашқаннан соң аталмыш штабтың мүшелері Мәлік Өтешев пен Гүлдана Сәрсенова атом электр станциясы ел экономикасының дамуына тың қуат беретін және елімізді жаңаша дамуға бастайтын болашақтың жобасы екенін атап өтті. Олардың айтуынша, Қазақстанда АЭС салуға қажеттілік туындатып отырған бірнеше негізгі себеп бар. Біріншісі, ел экономикасының дамуы мен халық санының артуы электр энергиясына деген сұранысты арттыруда. Екінші мәселе, энергетикалық инфрақұрылымның тозуы. Үшіншіден, АЭС-тің құрылысы Қазақстанның көмір мен газға тәуелділігін төмендетіп, атмосфераға бөлінетін көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. «Бүгінгі біздің жүздесуіміздің мақсаты – сіздерді 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, дауыстарыңызды беруге шақыру» деді штаб өкілдері.

IMG-20240920-WA0030

«Батыс Пауэр» компаниясының бас инженері Рашид Мырзағалиев штаб мүшелерінің сөздерін қолдайтынын, еліміз үшін атом электр станциясының қажеттілігін жеткізді. Сондай-ақ ол 6 қазанда жұмысқа шығатын компания қызметкерлері Белес ауылындағы сайлау учаскесіне барып, өз дауыстарын беру үшін арнайы көлік ұйымдастырылатынын айтты.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале