22.11.2024, 20:00
Оқылды: 9

Бәйтерек ауданы әкімі Шалғай ауылының тұрғындарымен кездесті

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың Шалғай ауылдық округіндегі есептік кездесуінде округ әкімі Гүлзада Бөлекова ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстарды баяндады.

208d8c21-ec90-40da-9c0e-d8c4b416d600

- Шалғай ауылдық округінің 2024 жылғы 1 қаңтардағы бюджеті 38 млн 695 мың теңгені құрады. Шалғайда 5 дана ойын жабдықтары сатып алынып, орнатылды. Сонымен қатар, футбол алаңының жанынан 8 көше тренажеры (воркаут) қойылып, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалды.Таловая ауылына 22 шақырым электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілді. Жаңадан электр бағандары орнатылып, электр сымдары тартылды. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған, - деді ол.

a1873cd6-0c9a-4cbf-bef3-0158ac319217

Сондай-ақ қоқыс мәселесі де біртіндеп шешімін табуда. Округте қоқыстарды орналастыру орындарының ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша 2 нүкте анықталды. Шалғай ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру орнын заңдастыру мақсатында топографиялық түсірілім жүргізіліп, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының ресми базасына қажетті координаттар енгізілді. Бұл жұмыстар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО филиалымен бірлесіп жүзеге асырылды.

952104ca-30b0-4087-b2ce-bd1c429a1191 - копия

Сонымен қатар биыл Шалғайда төрт көше асфальтталды. Ал «Переметный-Шалғай» автомобиль жолының 5,6 шақырымдық кіреберіс бөлігі толықтай жөнделіп, пайдалануға берілді. Аз қамтылған және үй кезегінде тұрған отбасыларға арнап, 2 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Әр пәтердің көлемі – 80 шаршы метр. Аталған үйлер ауыл орталығында орналасқан, барлық әлеуметтік нысандарға жақын, көшелерге қатты табанды жолдар төселген. Құрылыс жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сонымен қоса осы айдың соңына дейін ауыз суды тазартуға арналған блок модульді кешеннің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл кешен ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ауылда тасқынға қарсы бөгеттерді қалпына келтіру, арықтарды тереңдету, су өткізу құбырларын салу және тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале