Актив жиналысында Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға бес жылдан аса уақыттан бері аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болған Ерлан Тоқсамбаев тағайындалды.

- Ерлан Өмірзақұлы ауданда қызмет атқарған жылдары өзінінің білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білді. Сондықтан оны аудан әкімінің орынбасары лауазымына лайықты деп шештік. Тиісті конкустарға қатысып, үздік деп танылып, өзінің осы орынға сай екенін дәлелдеді. Ерлан Өмірзақұлын құттықтай отырып, алдына қойылып отырған міндеттерді ойдағыдай орындайды деп сенеміз. Олардің ішінде ауылдарда салынып жатқан тұрғын үй, медициналық, спорттық, мәдени және сумен қамту нысандарының құрылыстары бар. Соларды қатаң бақылауға алу керек. Мәселе туындатып отырғандары да жоқ емес, бәрін реттеу қажет, - деген Марат Лұқпанұлы соңғы уақытта бәйтеректік біраз маман, соның ішінде аудан әкімінің екі орынбасары облыстық деңгейдегі үлкен лауазымдарға тағайындалғанына да тоқталды. Бұл ауданының кадр дайындаудағы жоғарғы көрсеткішін көрсетсе керек.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлыбек Хайруллин де аудан әкімінің жаңа орынбасары көптің үмітін ақтайтынына сенім білдірді.
Өз кезеніде сөз алған Ерлан Тоқсамбаев өзіне артқан сенімнің жауапкершілігін түсінетінін айтып, Бәйтерек ауданын өркендету жолында уақытпен санаспастан еңбек етіп, білімі мен тәжірибесін аямай жұмсайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Ерлан Тоқсамбаев 1982 жылы Теректі ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан ақпараттық технология және басқару институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Теректі аудандық қазынашылық бөлімінде жетекші маман болып бастаған. 2007-2011 жылдары БҚО бойынша қазынашылық департаментінде, 2011-2019 жылдары БҚО тексеру комиссиясында түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2019 жылдан бері Бәйтерек аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болды.
Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы