22.07.2020, 17:19
Оқылды: 54

Бәйтерек ауданы ауруханаларына пульсоксиметр жеткізілді

Індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер бүгінде қолдауға зәру. Күн-түн демей адамзат денсаулығы үшін арпалысқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі өлшеусіз. Аурумен бетпе-бет келген жандардың еңбегін елеген қайырымдылық қорлары қолдарынан келген көмегін аяп жатқан жоқ.

78D64F5E-CC43-4205-9E6C-093AAA0E9D9B

Бүгін «Ақжайық» қоры Переметный және Дариян ауылдарындағы ауруханаларға 20 пульсоксиметр сыйлады. Переметный ауылындағы ауруханаға қажет аппаратты аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Алма Төлепқалиева жеткізді. Сондай-ақ аудан волонтерлары да сауапты істен құр қалмауда. Дариян жастары өз ауылындағы провизорлық орталық дәрігерлеріне пульсоксиметрмен қатар су және қымыз алып берді.

0875C9E4-7010-4C46-8000-1A95A2C7B7EC

-Қазіргі жағдайда дәрігерлеріміз бен ауру жұқтырғандар көмекке мұқтаж. Дариян жастары мен ауыл азаматтары бірігіп, провизорлық орталыққа су жеткізіп бердік. Оған дейін қаражат жинап, арнайы қымыз алдырдық. Біздің денсаулығымыз үшін бастарын қатерге тіккен дәрігерлерге қолдан келген көмегімізді көрсететін боламыз,- дейді «Дариян жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мәрзия Қонысбаева.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале