6.03.2026, 12:30
Оқылды: 96

Бәйтерек ауданы: Ауыл бюджетіне өзгеріс енгізілді  

 

Бәйтерек аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясы өтіп, оның жұмысына аудан әкімі Марат Тоқжанов қатысты.

image-06-03-26-10-38-4

Жиынды ашқан аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин атап өткендейғ сессияның күн тәртібінде 27 мәселе қаралды. Оның төртеуі бойынша, яғни түрлі комисасиялардың құрамын сайлау, бекіту турасындағы мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу жөнінде аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тлекбай Түлепқалиев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Болатбек Ахметжанов баяндама жасады.

image-06-03-26-10-38-3

Қалған мәселелер, яғни “2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы” мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлжан Сейтмулдина баяндады. Ол өз сөзінде ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, көшелерді жарықтандыруға, балалар және спорт алаңдарын орнатуға, жолдарды жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ ауылдық округ әкімдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Мәселен, Переметный ауылдық округына апатты полигондарды жоюға 4691, Атамекен ауылдық округындағы жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге 2899, Көшімде балалар алаңын орнатуға және Үлкен Шағандағы жолға алғымдағы жөндеу жүргізуге 20020, Байқоныста балалар алаңын, Жайықта спорттық алаң салу, Володарда саябақты жаңарту үшін Байқаоныс ауылдық округіне 26660 мың теңге қарастырылған.

 

Гүлім Мақсотқызы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале