19.05.2024, 16:30
Оқылды: 65

Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылында билборд орнатылды

Жас өскіндерді патриоттық рухқа тәрбиелеу, жігіттердің әскерге баруға деген құлшынысын ояту мақсатында Бәйтерек ауданына қарасты Бейбітшілік ауылдық округінде арнайы билборд орнатылды.

IMG-20240519-WA0026

Жергілікті жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен дайындалған билбордта Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ауыл өрендері бейнеленген.

IMG-20240519-WA0024

- Қазіргі таңда ауылымыздың ұландары еліміздің түкпір-түкпірінде азаматтық міндеттерін абыроймен өтеп жүр деп мақтанышпен айта аламыз. Атасақ, олардың арасында Ерлан Бахтияров, Наил Латипов, Анатолий Зейноллиев, Артур Житков және Игорь Губернатор есімді азаматтарымыз бар. Мәселен, былтыр И.Губернатор өзінің қалауымен теңіз жаяу әскеріне сұранып кетті. Ал Е.Бахтияров таяуда Отан алдындағы парызын өтеп, ауылға оралды.

IMG-20240519-WA0025

Бұл билбордты ауылымыздың даңқын асқақтатып тұрған Кеңес Одағының Батыры Қасым Ахмиров атындағы орта мектептің алдына орнаттық. Өйткені кейінгі толқын әскерге бару ер-азаматтың басты міндеті екенін көріп-біліп, бойына сіңіріп, сөйтіп Армиямызды мақтаныш тұтып өсуі тиіс. Осылайша өскелең ұрпақ бойына патриотизмді, елжандылықты қалыптастырып, Отанын сүюге әрі оның тыныштығын күзетуге, елін қорғауға бек дайын тұруға тәрбиелей аламыз деп ойлаймын. Жалпы біздің ауылдық округтен аттанған жігіттердің ішінен әскерден қашу не одан жалтару секілді келеңсіздіктер орын алған жоқ. Қайта керісінше, өз еркімен сұранып, әскерге баруға ынталы,-дейді Бейбітшілік ауылдық округінің әкімі Манарбек Жандарбеков.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале