24.08.2024, 11:00
Оқылды: 188

Бәйтерек ауданы: Бейбітшілік ауылында жаңа әкімшілік ғимарат бойкөтерді

Бюджет қаржысына салуға мүмкіндік болмай жатқан ғимаратты ауыл азаматтарының тұрғызуы қуантады. Бұл елім деген жанашыр ерлердің қолынар келер іс. Сондай жанның бірі – меценат Бейбіт Асанов. Өзі тұратын Бейбітшілік ауылында әкімшілік ғимаратты жеке қаржысына салғаны үшін оған айтар алғыс зор.

IMG-20240824-WA0013

Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бейбітшілік ауылдық округі әкімі аппараты мен полиция пункті орналасқан әкімшілік ғимараттың ашылу салтанатында мәлімдеді. Өңір басшысы атап өткендей, осыдан үш-төрт жыл бұрын Бейбітшілікте Бәйтерек ауданының құрметті азаматы, «Асан Ауыл» ЖШС-ның директоры Бейбіт Асанов өз қаржысына мәдени-спорт кешенін салып, ауылға сыйға тартқан еді. Сол кезде Парламент депутаты оның ашылу салтанатына қатысқан Нариман Төреғалиұлы ақ тілегін арнап, мұндай игі істердің жалғасуын тілеген болатын. Айтқандай, мәдени-спорт кешенінің жанынан жаңа әкімшілік ғимарат бойкөтерді.

IMG-20240824-WA0010

- Бір ғана кәсіпкер үшін мұндай ғимараттар салу оңай емес. Аспаннан түсіп жатқан қаржы жоқ. Соған қарамастан, елге болсын, ауылдағы мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер жайлы да заманауи ғимаратта отырсын деген ниетіңіз үшін сізге шексіз алғысымды білдіремін,-деді Нариман Төреғалиұлы.

IMG-20240824-WA0007

Өз кезегінде сөз алған БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов та Бейбіт Батниязұлына ризашылығын білдіріп, оны «Қазақстан полициясына 30 жыл» ведомстволық төсбелгісімен марапаттады.

IMG-20240824-WA0012

Содан соң жиналған жұртшылық жаңа әкімшілік ғимараттың ішін көрді. «Мынадай жап-жарық, кең және әр маманға арналған бөлмелері ғимаратта отыратынымызға қуаныштымыз,-дейді Бейбітшілік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Берік Ибрашев.-Ал бұрынғы ғимаратымыздың салынғанына бір ғасырдай уақыт болған соң заман талабына сай емес. Мұнда келген тұрғындарды қабылауға да, өзге мұқтаждықтарын шешуге де барынша жағдай қарастырылған. Одан бөлек жаңа ғимарат жастарды мемлекеттік қызметке талпындыратыны анық».

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Серік Маратұлы, 

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале