9.05.2024, 23:35
Оқылды: 163

Бәйтерек ауданы: бейбітшіліктіктер даңқты жерлестерін еске алды

Ұлы Отан соғысында қаза болған отандастарымыздың арасында Бейбітшілік ауылдық округінің 120 тұрғыны бар. Олардың есімдері Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылында орналасқан «Жеңіс» саябағындағы мемориалдық тақтада жазулы тұр. Даңқ мемориалы жанында Кеңес Одағының Батыры Қасым Ахмировке ескерткіш орнатылған.

IMG-20240509-WA0132

Ұлы Жеңіс күні бейбітшіліктіктер осындай даңқты жерлестерін еске алып, рухтарына тағзым етіп, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

IMG-20240509-WA0129

- Ерлiк пен батырлықтың мерекесi — Ұлы Жеңiс күнi құтты болсын! Бүгiнгi және болашақ ұрпақ үшiн кеңес әскерi мен тыл еңбеккерлерiнiң жауынгерлiк ерлiгi қасиеттi болып қалары анық. Ұлы Отан соғысы барлық ұлттың тұтастығын көрсеттi. Бiздiң жерлестерiмiз де Жеңiске үлкен үлестерiн қосты деп мақтанышпен айта аламыз. Бейбiт елдiң ашық аспан үшiн ардагерлерге бас иiп, шексiз алғысымызды бiлдiремiз. Елiмізді жаудан қорғаған жауынгерлердiң есiмi ешқашан ұмытылмайды, - деді салтанатты іс-шараны ашқан Бейбітшілік ауылдық округінің әкімі Манарбек Жандарбеков.

IMG-20240509-WA0133

Ал өз кезегінде сөз алған ауданымыздың мақтан тұтар тұлғалардың бірі, Бәйтерек ауданының құрметті азаматты Бейбіт Асанов Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы көп насихатау керектігін атап өтті. «Осыдан қырық жыл бұрын осы ауылға қоныс аударып келгенімде мұнда Ұлы Отан соғысының 76 ардагері болды. Қазір олардың біреуі де жоқ,-деді Бейбіт Батниязұлы.-Ажал биыл арамыздан ауылымыздың мақтанышы, ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері Иван Митичкин де алып кетті. Ол көп жыл Кеңес Одағының Батыры Қасым Ахмиров мектебіне басшылық етіп, зейнетке шыққаннан соң ауылымыздың ардагерлер кеңесіне жетекшілік жасап, соғысқа аттанған, майдан даласында қаза болған, соғыстан оралып, еңбек еткен жерлестеріміз туралы көп мәлімет жинаған еді. Жас ұрпақ осындай аға буынды, жалпы ауылымыздан шыққан барлық майдангерді ұмытпауы керек. Себебі майдангерлер – біздің мақтанышымыз».

IMG-20240509-WA0134 (2)

«Жеңіс» саябағындағы салтанатты іс-шарадан соң тұрғындар ауылдағы мәдени-спорттық кешенде 2022 жылы «Қазақфильм» түсірген «1941 жылдың жазы» атты көркем фильмді тамашалады.

Серік Маратұлы, 

Бәйтерек ауданы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале