Бәйтерек ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында өткен есептік кездесуде округ әкімі Ринат Искендиров биылғы 10 ай ішінде атқарған жұмыстарды баяндап, өткен жиында көтерілген сұрақтардың шешіміне тоқталды.
Былтыр қыркүйекте Егіндібұлақта интернетке арналған 30 метрлік діңгек орнатылып, Алмалы ауылында ұялы байланыс мүлдем нашарлаған. Сол себептен дәрігерге немесе электр қызметкерлеріне телефонмен хабарласу мүмкін болмады.Өткен жылдың қазан айынан «КарТел» ЖШС-не бірнеше рет хат жазылып, ауыл тұрғындарынан өтініштер жіберілді. «КарТел» ауылдық территорияларды дамыту жоспарына енгізді. 2024 жылдың соңына дейін Алмалы ауылына 4G интернет орнатылатын болады. Ал Алмалы ауылында фельдшерлік пункт болмағандықтан, тұрғындар аптасына бір рет дәрігерлердің келуін ұйымдастыру мәселесіне қатысты, Зеленов амбулаториясының келісімі бойынша Алмалы ауылына екі аптада 1 рет медициналық қызметкерлер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, шұғыл шақыру түскен жағдайда шұғыл түрде медициналық қызмет көрсетілмек.
«Ауыл аманаты» бағдарламасына 2 ауыл тұрғыны қатысып, Гаухар Турганбаева 9 200 000 теңге қаражатқа қол жеткізген. Оған кәсіпкер дүкенге құрал-жабдықтар сатып алуды және 90 орындық тойхана ашуды жоспарлап отыр. Нысан жаңа жылға дейін іске қосылмақ. Екінші қатысушы Алан Утегеновтің мал шаруашылығына алған несиесі мақұлданып, қаражатты күтуде.
Төтенше жағдай комитетінің көмегімен Алматыдан келген техникасымен ауыл көзі аршылып, мал суаратын жерге бөгет жасалды. Су тасқыны кезінде («Судаков» каналы) қауіпсіздіктің техникалық көмегін су басу қаупі бар үйлердің айналасы қардан тазаланып су ағатын жолдар аршылды. Сонымен қатар көшелер қардан уақытылы тазартылып отырылды. Зеленый мен Егіндібұлақ ортасындағы дамба жанына қатпармен бөгет жасауға ауыл тұрғындарынан 30 адам қатысты.
Жасыл белдеу бойынша — 1300 дана жас көшеттер, көктемде - 750 дана, күзде - 550 дана тұт ағашы Егіндібұлақ ауылының кіреберісіне отырғызылып, қоршаумен қоршалды. Округ бойынша жеке тұрғын үйлерге, меншік-жайлардағы учаскесіне және ауылдық клуб ауласына барлығы 20 дана жеміс-жидек көшеттері егілді. «BRAT M» ЖШС ауылдағы балалар алаңын толық сырлап жаңартып берді.
Егіндібұлақ ауылында Құрылыс, Мектеп, Достық, Сабыр және Махамбет Өтемісұлы көшелеріне ұзындығы 2,3 км асфальт тартылды. Бейбітшілік көшесіне ескі асфальт төселді. Алмалы ауылының кіреберіс жолы – грейдер жөндеуден өтті. Сонымен қатар жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде шығынның көлемін азайту мақсатында бөгеттер нықталды. Биыл сол бөгеттер толығымен жөнделіп, пайдалануға берілді.
Гүлім Орда
Бәйтерек ауданы