22.06.2024, 10:00
Оқылды: 47

Бәйтерек ауданы: қос ауылда сайлауалды пікірсайыс өтті

Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкіміне тіркелген кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайыс өтті. Алдымен Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов саяси іс-шараның мақсат-міндеттеріне тоқталып, түсінік берді.

IMG-20240621-WA0140

Әрқайсысының өмірбаяны таныстырылған соң кандидаттар сайлауалды бағдарламаларын баяндап, бір-біріне өзара сұрақ қою арқылы пікір алмасты. Одан әрі тұрғындар кандидаттарға ауылды дамыту, жұмыссыздықпен күрес, жастардың мәдени демалысын ұйымдастыру, тұрғын үй мәселесін шешу, жаңадан келіп қоныстанушыларды қолдау, ауылды дамыту мақсатында инвестиция тарту, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді ұйымдастыру туралы сұрақтарын қойып, жоспарларын білді.

IMG-20240621-WA0141

Өз кезегінде кандидаттар ауылды өркендету мақсатында іске асыратын жобаларын алға тартып, тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Нұрлан Батыр,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале