14.01.2025, 9:15
Оқылды: 93

Бәйтерек ауданы: көшімдіктерді ассенизатордың тапшылығы алаңдатады

Ассенизатор көлігі санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие. Әсіресе, бұл кәріз жүйесі жоқ елді мекендерде анық байқалады. Көліктер тұрмыстық сұйық қалдықтарды жинап, арнайы өңдеу орындарына тасымалдау арқылы қоршаған ортаның ластануын жол бермейді.

Соның нәтижесінде санитарлық жағдай жақсарып, экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Айту керек, сонымен қатар, ассенизатор көліктерінің аудан үшін көктемгі су тасқыны кезінде де пайдасы мол екеніне көзіміз жетті. Алайда кейбір елді мекендердегі жол мәселесі ассенизатор көлігінің қолжетімділігіне кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан бұл қызмет мүлдем жоқ немесе өте сирек көрсетіледі. Тұрғындар өз кезегінде бұл санитарлық жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін деп алаңдаулы. Аталған мәселені шешу үшін ауыл-аймақтарды дамыту бағдарламалары қолға алынған. Осы орайда ауданымыздағы ассенизатор көлігімен мәселе жоқ ауылдардың бірі – Көшім округі.

IMG-20250111-WA0009

Ауыл әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, ауылда үш ассенизатор көлігі бар, оларды тұрғындар өз қаражаттарына сатып алып, бизнес көзіне айналдырып отыр. 2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы арқылы екі ай оқып, ассенизатор көлігін алған кәсіпкердің айтуынша, сол кезден бері осы көлік арқылы табыс табуда. Оның табысы кәріз құдығының көлеміне байланысты кемінде бір үйге қызмет көрсету құны 4000-5000 теңгені құрайды. Шайынды сулар қаладағы арнайы орынға жеткізіліп, төгіледі. Алайда, кәсіпкер басқа да ассенизатор көлігін жүргізушілер болуы себепті, табыстың тұрақты еместігіне қынжылады.

IMG-20250111-WA0010

Айта кетейік, Көшім ауылдық округіне қарасты Көшім және Үлкен Шаған ауылдарында шайынды суларды төгетін арнайы орындар жасақталған. Бұл орындардың жалпы аумағы 0,4 гектарды құрайды, ал құйылатын шайынды сулардың көлемі шамамен 150 текше метр. Сондай-ақ, көрші Янайкин ауылының тұрғындарынан шақыртулар түссе, ассенизатор көліктері сол ауылға да қызмет көрсетеді.

Қорыта айтсақ, ассенизатор көліктерінің барлық ауылға бірдей қолжетімділігі кешенді шешімді талап ететін мәселе екені анық. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау, жергілікті бастамалардың пайдасы зор. Сондай-ақ, ассенизатор көліктерін тиімді пайдалану үшін қажетті инфрақұрылым мен арнайы талаптардың сақталуы қажеттігін естен шығармаған абзал.

Салтанат Шоқанқызы,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале