8.12.2024, 10:30
Оқылды: 168

Бәйтерек ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтіп жатыр

Бүгін, яғни 8 желтоқсанда №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бәйтерек ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтуде.

сайлау-5

Аталған сайлау округінде орналасқан №157, 162, 163, 165 сайлау учаскелері таңғы сағат 6:00-де ашылды. Әнұран орындалған соң, сағат 7.00-де дауыс беру рәсімі басталды. Сайлау округі бойынша 3261 сайлаушы тіркелген.
​Переметный ауылдық округіне қарасты Калинин ауылындағы №157 сайлау учаскесіне келіп, алғашқы болып таңдауын жасаған жергілікті тұрғын Бәтима Хасанованың айтуынша, бұл да - өзіндік маңызы бар сайлау. Сол себепті оған бейжай қарамау керек. Өз ауданына, ауылына жаны ашитын жандар бүгін жергілікті жердегі сайлау учаскелеріне барып, дауыс бергендері дұрыс.

сайлау-4
​Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Юрий Саяпиннің айтуынша, Калининде 1369 тұрғынның дауыс беру құқығы бар. 11 адамнан үйден дауыс беру жөнінде өтініш түскен.
​Ал Зеленный ауылында орналасқан №162 сайлау учаскесі бойынша дауыс беретін 946 адамның сағат 10-00-ге дейін 70-і (7,4 пайыз) келіп, өз таңдауларын жасап кетті. Олардың ішінде отбасы мүшелері, еңбек ардагерлері, бюджеттік сала және ауылдағы «У Настены» дүкенінің қызметкерлері бар. №162 сайлау учаскесінің төрағасы Мерхат Есенғалиевтің сөзіне қарағанда, тұрғындардың көңіл-күйлері жақсы, олар осынау сайлаудың мән-маңызын түсіп дауыстарын беріп жатыр. Түрлі себептермен сайлау уческесіне келе алмайтын 23 адам сағат 12-ден соң үйлерде дауыс бермекші.
​Айта кетейік, аудандық мәслихат депутаттығына үш кандидат бағын сынауда.

Бақыт Болат
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале