14.02.2025, 10:00
Оқылды: 323

Бәйтерек ауданы: Меморандум медициналық көмек сапасын жоғарылатуға мүмкіндік бермек

 

«Бәйтерек ауданының №2 ауруханасы» ШЖҚ МКК мен "Балаларға жақсылық жаса" қоғамдық қоры өзара серіктес атанды. Яғни екі тарап бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осынау құжат қажетті емдеу құрылғыларын алуға, аурухананы жабдықтауға мүмкіндік бермекші.

IMG-20250214-WA0002

Дариян ауылында өткен қол қою рәсімі барысында аталмыш қордың басқарма төрағасы Руслан Жұмалиев атап өткендей, биыл олар бірнеше жоба жасақтауда, арасында денсаулық сақтау саласына қатысы жобалар бар. Мұның бәрі тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын жоғарылатуға бағытталған. Өз кезегінде сөз алған аурухана директоры Ербол Сәрсенғалиев қол қойылған меморандумның маңызына тоқталып, Руслан Ермекұлына алғысын білдіріп, бұл алдағы тығыз байланысқа негіз болатынын атап өтті.

IMG-20250214-WA0001

Жиын соңында Руслан Жұмалиев ауруханаға 1 функционалды кереует, 10 рация мен 9 танометрды сыйға тартты.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале