Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту – маңызын атап айтты. Осы мақсатта елімізді қазба байлықтары кеңінен игеріліп, халық игілігіне жұмсалуда. Бүгінде бұл салаға, яғни Қазақстандағы мұнай өнеркәсібіне 125 жыл толса, осы мұнай-газ және конденсат өндіруге қолайлы, жері құнарлы, алтын дәнді өлке – Бәйтерек ауданының құрылғанына – 85 жыл.
Аталмыш қос мерейтой аясында аудан аумағында табысты қызмет етіп келе жатқан «Орал Ойл энд Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құрманғазы жалпы орта білім беру мектебіне су жаңа автобусын сыйға тартты.
- Бұл көлік біздің аманаттық оқушыларымыздың мектепке қауіпсіз әрі жайлы қатынауы үшін үлкен көмек. Алда қаһарлы қыс мезгілі келе күтіп тұр. Жаңа көлікпен, жылы жерде, жайлы орында шәкіртерімізге жағдай туғызып, игі іске қолдау білдірген компания өкілдеріне шексіз алғысымыз шексіз,- мектеп ұжымы барша ата-аналар атынан алғысын жеткізді.
Гүлім Орда,
Бәйтерек ауданы