Warning: session_start(): open(/tmp/sess_tbjmqar399p1trdiqbhuv66j8n, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Бәйтерек ауданы: Мичуриндіктер жаңа белеске қадам басты - официальные новости ЗКО
31.12.2025, 11:30
Оқылды: 82

Бәйтерек ауданы: Мичуриндіктер жаңа белеске қадам басты

Бәйтерек облыстағы донор аудан болса, Мичуринді Бәйтерек аудандағы донор ауылдық округ деп айтуға болады. Оның Орал қаласының дәл түбінде орналасуы көп мүмкіндік туғызып тұр.

IMG-20251230-WA0001

Бүгінгі таңда аталмыш округ аумағында 500-дей жеке кәсіпкер тіркелген. «Бізде 2025 жыл ішінде 324 млн теңге салық түсімі жиналды, - дейді Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.

- Таяуда өткен аудандық мәслихаттың ХХІХ сессиясында айтылғандай, біз 200 млн теңгені аудандық бюджетке бағыттап жатырмыз. Ауданнан ешқандай трансферт, субвенция алмаймыз. Өзіміздің төртінші деңгейлі бюджетіміз есебінен күн көрудеміз.

IMG-20251230-WA0005

Округта бес елді мекен бар. Ондағы өзекті мәселелерді бұрын тұрғындармен бірлесіп шешетін едік. 2025 жылдан бастап толықтай ауыл тұрғындарының өздерінің ұсыныстары бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Яғни әр елді мекен өздеріне бөлінген қаржыға қарап жоба-жоспарларын жасақтады. Егер тарқатып айтар болсам, өткен жылы ауылдық округтің бюджеті 169 млн теңгені құрады. Елді мекендердегі тұрғын санына байланысты бұл қаржы бөлінді. Мәселен, 8 млн. теңге Жамбылға, 7,2 млн теңге Октябрьге, 6,3 млн теңге Зеленыйға, 33 млн теңге Асанға, қалғаны Мичуринге бағытталды.

IMG-20251230-

Соның нәтижесінде Жамбылда орталық алаң, Октябрь елді мекенінде футбол алаңы, Зеленыйда 200 метр жолға ұсақ-қиыршық тасты қоспа (ЩГС) төселіп, жаңадан салынған медпункт маңына жарықтар орнатылды. Асанда су басу қаупі бар жерлердегі артықтар тазартылды, балалар алаңы абаттандырылды.

IMG-20251230-WA0002

Мичурин ауылының орталығындағы Қазақстан көшесіне 1,2 шақырым, Чапаев көшесіне 280 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы салынды. Қараша айында ауылдық округ орталығына лэд-экран қойылды.

IMG-20251230-WA0004

Мичуриннің ішінде орналасқан 2008 жылдан бері ресми түрде жабық болып саналатын ескі бейіт қоршалды. Одан бөлек, былтыр ауылдық округ аумағында 10 балалар алаңы салынды. 2024 жылмен қоса есептегенде барлығы 18 алаң болады. Бұл бағыттағы жұмыстар 2026 жылы да жалғасын табады».

 

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале