Бәйтерек ауданында шаңғы маусымының ашылуына орай Переметныйда шаңғымен көпшілік жүгіру өтті. Оған 50 шақты аудан орталығының тұрғындары қатысты.
Оның ашылу салтанатында сөз алған Переметный ауылдық округінің әкімі Алексей Герасимов жиналғандарды шаңғы мауысымының ашылуымен құттықтап, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, жаңа жетістіктіктерге жетуге тілектестігін білдірді.
Аталмыш іс-шараға оқушылар, жастар және аға буын өкілдері белсене қатысты. Ауыл тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлаған жарыс нәтижесінде жасөпірім ұлдар арасында Азат Мусалимов, қыздарда Аружан Мендалиева үздік болды.
Жастар арасында Нұрбатыр Жәмил мен Кәусар Құрманғазы ешкімге дес бердмеді. Ересектер тобында Айлана Қанатқызы, Елжан Сәбитов топжарды.
Салтанат Зұлқарнаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz