2.03.2023, 17:30
Оқылды: 59

Бәйтерек ауданы: «Су тасқыны қаупі бар ауылдар бақылауда»

Бәйтерек ауданы аумағында республикалық «Көктем-2023» командалық оқу-жаттығуы басталды. Аудан аумағында алғаш рет өтіп жатқан іс-шарада Переметныйда аудандық азаматтық қорғау қызметтері, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен жедел ден қою жиынтық жасақтары сап түзеді.

4FB75BD3-1250-44F9-91C4-631CECFF9A58

Оқу-жаттығуға облыс әкімінің орынбасары Ержан Балтаев, облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов, аудан әкімі Марат Тоқжанов қатысып, ауданда төтенше жағдай орын алса оны жоюға жұмылдырылатын құрылымдардың әзірлігін тексерді. Инженерлік қызметтің әлеуетін бақылап, техникаларымен танысып, көктемге дайындығын бағамдады. Сауда және тамақтандыру, жануарларды және өсімдіктерді қорғау, энергетика мен жедел жәрдем, радиоциялық-химиялық және бактериологиялық қызмет, хабарлау және байланыс, жолдар, көпірлер және сумен қамтамасыз ету, газ шаруашылығы,  полиция, төтенше жағдай және өрт сөндіру құрылымдары қыс мезгілінде көрсетілетін қызметтер мен көктемгі су тасқынының алдын алуға дайын екендіктерін баяндалды.

BC4F70FD-5BC8-40CD-944F-5DDE474D607E

БҚО ТЖД бастығы Ернұр Өтегеновтің айтуынша, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатындағы оқу-жаттығу шаралары ақпан айынан басталып, қауіпті кезең аяқталғанша жүргізіледі. Қазір қар шығару, су өткізу арықтарын тазалау, бөгеттерді күшейтіп, жағаларды бекіту, мұз жару жұмыстары атқарылуда. «Ал егер көктемде ауа райына байланысты төтенше жағдай орын алса, біз тұрғындарды эвакуациялауға әзірлікті де қолға алдық, - деді ол. – Зеленый ауылдық округі Деркөл өзеніне байланысты су тасқыны қаупі бар аймаққа жатады. 2003, 2011 жылдары су тасқыны болғаны белгілі. Сол себепті бүгінгі эвакуциялауға дайындық шарасы осы жерден басталып отыр».

БАҚ өкілдеріне сұхбат берген облыс әкімінің орынбасары  Ержан Балтаев қазіргі таңда өңірде оперативтік штаб құрылып, жұмыс жасап жатқанын айтты.

55130528-3A61-4F49-AAE8-2727FC09493A

– Ауа райын қадағалап, су тасқыны қаупі бар ауылдарды бақылауда ұстап отырмыз. Облыста мұндай 138 елдімекен тіркелген. Бүгінде біз 105-індегі қауіпті сейілттік. Бір ауыл бойынша тасқыннан келер қатер толығымен жойылды. 32 ауылды қадағалау жұмыстарын жүргізудеміз. Облыс шеңберінде 700-ден астам арнайы техника мен 3 000 адамдық жұмыс күші сындарлы кезеңге дайын тұр. Азық-түлік бойынша аудандарда кәсіпкерлермен шарт жасалып, меморандумға қол қойылды. 18 мыңнан астам шағыл құм жиюлы және облыс бойынша 280-ге жуық мотопомпа дайын тұр. Төтенше жағдайдың алдын алуға арнайы қорда 2,7 млрд теңге шамасында қаражат қарастырылған, - деді Ержан Талғатұлы.

Гүлжаз Баделова

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале