Бұл лауазымға бұған дейін осы ауылдағы мектеп директоры болған Абылай Есмақов кірісті.

Жаңа әкімді округ активіне аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Ғалиев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласовтың айтуынша, бұрынғы әкім Абылай Жұмағалиевтің зейнеткерлікке шығуына байланысты өткен сайлауға 1541 сайлаушының 542-сі қатысқан. Олардың 270-і (63,98 пайыз) Абылай Есмақовқа дауыс берген. Сөйтіп сайлау қорытындысы негізінде жаңадан сайланған әкімге ресми түрде куәлік табысталды.

Айта кетейік, Абылай Есмақов 1981 жылы Жанақала ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2002 жылы туған жерінде мұғалім болып бастаған, Жаңақала ауданында мектеп директоры, аудандық туризм орталығы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бастап күні бүгінге Январцев мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің директоры болды.
Жаңа әкімді құттықтаған январцевтықтар оның білім саласында мол тәжірибе жинақтағанын, ауылдың тыныс-тіршілігін жақсы білетінін айтып, оған сәттілік тіледі.
Дина Ахметова,
Бәйтерек ауданы