ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен майор Асхат Нығимов Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Соған орай Бәйтерек ауданы әкімдігінде аудан активінің жиыны өтті. Жиында БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор Арман Үсенбаев аталмыш бөлімнің жаңа басшысын таныстырды.
Асхат Қайырғалиұлы 1981 жылы Бәйтерек ауданының Янайкин ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Қарулы күштерінің жедел қызметінен бастаған. 2018 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыс басқармасы, әскери патриоттық жұмыс және қарулы күштер ардагерлерімен жұмыс қызметінің бастығы міндетін атқарған. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері.
Аудан әкімі Марат Тоқжанов жаңа басшыны жауапты қызметімен құттықтап, жергілікті атқарушы билік тарапынан қашанда қолдауға болатынын айтып, бірге жұмыстануға шақырды.
Жиын соңында аталмыш бөлімнің бұрынғы басшысы Қуат Металиевке атқарған еңбегіне ризашылық білдіріп, алғысхат табысталды.
Нұрсәуле Әбілпейсова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz